Жастар шабуылдауда

10.01.2020

Үстел теннисінен Қазақстан ұлттық құрамасының негізгі құрамына іріктеу турнирі Алматыда дәстүрлі түрде өтуде. Бүгін он алты теннисші ұлдар мен он алты теннисші қыздар медальдар үшін сайысқа түсті және еліміздің бас командасындағы орындар үшін күресті жалғастыратын финалистер анықталды. Алан Құрманғалиев (12 жас), Сарвиноз Мірқадірова (14 жас), Санжар Жұбанов (16 жас), Әнел Бақыт (16 жас), Ангелина Романовская (16 жас), Алсу Сапарова (17 жас), Алина Борисюк (17 жас) сияқты ракетканың жас шеберлері шағын топ түріндегі кедергілерді сәтті еңсергендерін атап өту жағымды.

Талап Қойбағаров