Жас болсада, қатып піскен

05.05.2020

"Шаңырақ" (Алматы) шағын ауданындағы олимпиада резервінің мектеп-интернат-колледжінің оқушысы, спорт шебері Ангелина Романовская (жаттықтырушысы Евгений Тимченко) өзінің жастық шағына қарамастан, Республикалық ғана емес, халықаралық деңгейдегі турнирлерге үнемі қатысады. Кеңес бойынша, тәлімгерлерінің ұсыныстарымен Ангелина жарыс кезінде дұрыс тамақтануға көп көңіл бөледі, ол келесі сызбаны жақсы меңгерді: Таңғы ас – Матч – Түскі ас – қысқа демалыс – Тағыда матч – Кешкі ас. Егер бәрін ақылмен істесе, жоғалтқан күш-қуатты қайта тез толықтыруға болады және келесі шайқасқа физикалық, моральдық жағынанда дайын боласың. Бүгін Ангелина Романовскаяның ас мәзірін зерттейміз:

Таңғы ас: кофе, жұмыртқа, "жас" салат, жасыл көкөніс, йогурт.

Түскі ас: шұжықша мен картоп пюресі, бір стакан нәрсу, қызанақ, банан.

Кешкі ас: етпен қарақұмық, жүгері, сүзбе, бір стакан айран, алма.

Бейнетаспаны көрейік. https://www.instagram.com/p/B_y_vIaHg-J/

Талап Қойбағаров