Жалпы есеп 6:6

04.04.2021

Барнаул мен Орынборда Қазақстанның "TTC Karaganda" командасының қатысуымен Ресей үстел теннисі Федерациясының командалық чемпионатының 3-ші туры аяқталды. Біздің ерлер Владислав Захаров, Алан Құрманғалиев, Темірлан Ким, Эрик Райтер, жаттықтырушысы Александр Брижевский Суперлигада 5 ойын өткізіп, 3 клубты жеңді. Жарыстың соңғы күні "Алтай" (Барнаул) командасын 3:2, СШОР №12 (Самара) командасын 3:1 есебімен жеңіп кетті.

"TTC Karaganda" спортшылары Александра Смирнова, Арай Әшкеева (суретте), Жанерке Көшкімбаева, Виктория Мочалкина, жаттықтырушысы Татьяна Ким бүгін "Малинки" (Мәскеу) командасына 2:3 есебімен жол берді және жеті матчта үш жеңіспен қонақжай Орынбордан қайтып келуде.

Талап Қойбағаров