Токиода өтетін Олимпиада ойындары 2021 жылға ауыстырылды

25.03.2020

Бұл туралы Халықаралық Олимпиада комитеті ресми түрде хабарлады. Бұл шешім бүгін, 24 наурызда қабылданды. Келісімге Жапонияның премьер-министрі Синдзо Абэ мен ХОК президенті Томас Бах қол жеткізді. Телефон конференциясы кезінде коронавирустың теңдессіздігі және оның бұрын-соңды болмаған, болжанбаған таралуы айтып өтілді, бұл бүкіл әлемдегі жағдайдың нашарлауына алып келді. Осының негізінде, қазіргі жағдайда, ХОК президенті мен Жапонияның премьер-министрі, Токиода өтетін Олимпиада ойындары 2020 жылдан кейінгі кезеңге, бірақ спортшылардың және сондай-ақ ауқымды спорттық оқиғаға қатысатын барлық қатысушылардың денсаулығын сақтау мақсатында 2021 жылдың жазынан кешіктірілмей, кейінге қалдырылуы тиіс деген қорытындыға келді. "Өкілдер, Токиода өтетін Олимпиада ойындары осы тынышсыз уақытта әлем үмітінің шамшырағы болуы мүмкін дегенмен келісті. Олимпиада алауы, қазіргі уақытта біз орналасқан, үңгіртаудың соңындағы жарығы болуы мүмкін. Сондықтан Олимпиада алауы Жапонияда қалады деп шешілді", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Жапония астанасы 2020 жылдың 24 шілдесінен 9 тамызына дейін Ойындарды қабылдауы тиіс болатын.

olympic.kz