Табысқа ынталандыру

03.07.2020

Белсенді қызметке, әсіресе спортта адамды ынталандырудың ең көп тараған тәсілі, жоғары мақсаттарға қол жеткізу үшін жұмсалған күш-жігер мен уақытты бағалайтын – ол мадақтаулар (грамоталар, кубоктар, сыйақылар) болып табылады. Сонымен, Қазақстан Республикасы үстел теннисі федерациясының Атқарушы комитетінің шешімімен осы спорт түріне сіңірген ерекше еңбегі үшін және республикалық Федерацияның естелік, мерейтойлық күндері құрметіне берілетін марапаттар туралы ереже бекітілді. Бұл

- I және II дәрежелі "Қазақстан Республикасында үстел теннисін дамытуға сіңірген еңбегі үшін" медалі;

- Мерейтойлық медаль;

- Федерацияның құрмет грамотасы.

Марапаттау рәсімі салтанатты жағдайда жүргізіледі.

"Марапаттар туралы ережені" мына жерден қараңыз http://ttfrk.kz/files/1593668089.pdf