Таңғаларлықтай болған жоқ

30.09.2022

Қытайдың Чэнду қаласында басталған үстел теннисінен әлем чемпионатында 5 қазанға дейін 32 ерлер мен 28 әйелдер командасы негізгі турнирдің 16 қатысушысы - медальға үміткерлерді анықтайды. Қазақстанның ерлер құрамасы № 2 топта және оның қарсыластары Германия, Франция, Үндістан, Өзбекстанда өнер көрсетеді.

Бүгін Қазақстан-Германия матчы өтті:

Кирилл Герасименко-Бенедикт Дуда 1:3 (11:8, 5:11, 8:11, 9:11)

Денис Жолудев-Данг Сю 0:3 (5:11, 8:11, 4:11)

Алан Құрманғалиев-Рикардо Вальтер 0:3 (5:11, 5:11, 6:11)

Таңғаларлықтай оқиға болған жоқ, олар 0:3 есебімен жеңілді.

Ертең Франциямен ойнаймыз.

Талап Қойбағаров