"Sigma" көшбасшылықты нығайтуды жоспарлап отыр

09.08.2020

Осы маусымда Суперлиганың 10 командасы арасында үстел теннисінен Қазақстан ашық чемпионатының қатысушылары Павлодарда бір ғана айналым ойнады, содан кейін COVID-19 араласты және жарыстар кейінірекке ауыстырылды. Естеріңізге сала кетейін, еліміздің ең мықты теннис дивизионының дебютанты шымкенттік "Sigma" (жаттықтырушысы Ердәулет Оразбаев) тоғыз матчта сегіз жеңіске жетіп, турнирлік кестеде бірінші орынға жайғасты. Шымкент қаласының үстел теннисі федерациясының басшылығы клубтың алдына Республика чемпионатын жеңіп алу міндетін қойып, оны 50-ге 50 (легионер + қазақстандық) деген қағида бойынша легионерлермен күшейтті. "Sigma" сапында атақты "ОТМК" (Орал тау-кен металлургиялық компаниясы, Екатеринбург) спортшылары Еуропа жасөспірімдер чемпионатының қола жүлдегері, жастар арасындағы Ресей чемпионы Илья Исаков, Орал федералды округінің чемпионы, Ресей үстел теннисі федерациясының (Суперлига) командалық чемпионатының күміс жүлдегері Антон Естифейкин, Қазақстан жастар құрамасының мүшелері Бақдәулет Әкімәли мен Ырысбек Артұқметов өнер көрсетеді.

"Sigma" (Шымкент) теннисшілері жеңістерімен турнирлік кестеде өздерінің жетекші орнын нығайту үшін республиканың ашық командалық чемпионатын қайта бастауды тағатсыздана күтуде.

Суретте Бақдәулет Әкімәли ("Sigma", Шымкент).

Талап Қойбағаров