Шыдамды болу ғана қалады

30.07.2020

"Алау" Мұз сарайы, "Сарыарқа" велотрегі, "Астана Арена" футбол стадионы, "Барыс Арена" Мұз сарайы және "Қазақстан" жеңіл атлетикалық манежі орналасқан Нұр-Сұлтан қаласының ең спорттық ауданы 2021 жылы семсершілер, волейболшылар, баскетболшылар, ауыр атлеттер, құзға өрмелеушілер, гимнасттар мен кіші ракетка шеберлерінің туған үйіне айналатын көпфункционалды спорттық-жаттығу кешенімен толығады. "Butterfly" әлемдік брендінің үстелдері, әйгілі "Enlio" еден жабыны, халықаралық стандартты жарықтандыру кәсіби және бастаушы ойыншылардың, ардагерлер мен үстел теннисі әуесқойларының қарамағында болады. Тек шыдамдылық және қоныс тойды күту ғана қалды.

Талап Қойбағаров