Ұлттық чемпионат сияқты елдегі негізгі турнирге мықты, болашағы зор спортшылар қатысады. Бұл спорт түрінің даму көрсеткіші болып табылады. Үстел теннисі бойынша Қазақстан чемпионаты да шетте қалмады, ол бұл күндері Қарағанды қаласы "Жастар" спорт кешенінде өтуде. Осы уақытқа дейін өздерінің шетелдік клубтағы істерін қалдырып, республикамыздың кеншілер астанасына ракетканың тәжірибелі шеберлері Кирилл Герасименко (Германия), Зәуреш Ақашева (Польша), Айдос Кенжеғұлов (Австрия), Анастасия Лаврова (Испания), Гүлчехра Құсейінова (Португалия) ұшып келді.
Бүгін жеке
есепте жекпе-жектер басталып, "32 үздіктердің" қатарында 11-15 жастағы
Виктория Мочалкина, Мәлика Сандыбаева, Абдұл-Мәжид Харки, Жанерке Көшкімбаева,
Гюзель Торшаева, Алиса Цвигун, Арай Әшкеева, Темірлан Ким, Тимофей Герасименко,
Алтынай Ержанова, Екатерина Охмак болғандарын айта кету керек. Бұл біздің спортымыздың болашағы, олардың есімдерін есте
сақтаңыздар. Ал әлі Сарвиноз Мірқадірова, Алан Құрманғалиев, Әнел Бақыт,
Ангелина Романовская сияқты жастар мен жасөспірімдер арасындағы көшбасшыларымызда
бар. Олар әзірге
алтын медальдарға қол жеткізбеді, бірақ олар аға жолдастарына жетіп қалды, оларға
демалуға мүмкіндік бермеуде.
18 қаңтар күні
чемпионаттың соңғы күні бірінші орын үшін Кирилл Герасименко (Нұр-Сұлтан) -
Айдос Кенжеғұлов (Орал); Зәуреш Ақашева (Қарағанды) - Анастасия Лаврова (Нұр-Сұлтан)
өз жекпе-жектерін өткізетін болады.
Арай Әшкеева
Виктория Мочалкина
Алиса Цвигун және Гюзель Торшаева
Темірлан Ким, Тимофей Герасименко, Абдұл-Мәжид Харки
Мәлика Сандыбаева, Жанерке Көшкімбаева, Алтынай Ержанова
Талап Қойбағаров