Мықты бәсекелестік, спорттық достық, ымырасыз ойын!

14.01.2020

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек үстел теннисінен Қазақстанның жеке-командалық чемпионатын ашты. Жарыстың салтанатты ашылуында ол барлық қатысушыларға мықты бәсекелестік, спорттық достық пен ымырасыз ойын тіледі. Мерекелік іс-шараға республикалық федерацияның Бас хатшысы Данил Пак келіп, 13 жасар Алан Құрманғалиевке (Қарағанды) "ҚР спорт шебері" куәлігін тапсырды, Алан 2019 жылы (ITTF) Халықаралық үстел теннисі федерациясымен әлемдік "Hopes Week" турнирінің үздік ойыншысы деп танылған болатын. Биылғы чемпионатта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, республика облыстарының 150 спортшысы өнер көрсетеді және бірінші күні олар командалық турнирдің ширек финалына шығу үшін күресті. Алматы, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстары, Шымкент, Нұр-Сұлтан, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының әйелдер құрамалары өз шағын топтарын еңсеріп, медальдарды иелену үшін шайқасты жалғастыруда. Бұл жерде Павлодар құрамасының Шымкент құрамасын 3:2 есебімен жеңіп кеткенін ерекше айтуға болады, мұнда маңызды екі ұпайды Ангелина Романовская әкелді.

Ангелина Романовская: "Менің қарсыластарым Сарвиноз Мірқадірова мен Мәлика Илхамжанова болды, мен олармен бірге Алматы қаласындағы "Шаңырақ" Республикалық спорт колледжінде жаттығатынмын. Мен олардың мүмкіндіктерін, техникасын, тактикасын, ойын стилін білемін. Олар да мені жақсы зерттеді. Неге бүгін табыс маған келді? Мен қобалжымадым, ұпай жоғалтқанда да уайымдамадым, сол кезде маған ойынға деген сенім бірден келді".

Ерлер командалары арасында ширек финалға Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстары, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстары өтті.

Айта кетейік, жарыс демеушілерінің бірі TASSAY Sport ауыз суы болып табылады.


Талап Қойбағаров