Үлкен жеңістерге бірге жетуге болады

16.11.2022

"Allur" компаниялар тобының өндіріс жөніндегі Вице-президенті, "Allur" автомобиль зауытының директоры Сырым Семейбаев Қостанай облысы Үстел теннисі федерациясының төрағасы болып сайланды. Құттықтаймыз!

Айта кету керек, Сырым Сайранбекұлы қажетті биіктерге бірлесіп жетуге болатын - үлкен, тату ұжымға келді, қостанайлық теннисшілер, әсіресе жас ұрпақ ел чемпионатында табысты өнер көрсетуде. Тек биылғы жылы ұлдар мен қыздар келесі нәтижелерге қол жеткізді:

- Қазақстан чемпионаты, әйелдер арасындағы жұптық разрядтағы қола медаль (Алина Борисюк);

- 2007 ж. т. спортшылар арасындағы Қазақстан чемпионаты, жұптық разрядтағы (Темірлан Балташ/Айдын Алмағамбетов) және командалық есептегі (Темірлан Балташ, Артем және Никита Кондратьевттер, Айдын Алмағамбетов, Данияр Қапташаров) қола медаль;

- 2011 ж. т. спортшылар арасындағы Қазақстан чемпионаты, жұптық және аралас разрядтарда екі алтын медаль (Аружан Төлебай), жеке есептегі күміс және жұптағы қола (Жания Бекмұхамбетова), командалық есептегі күміс (Жания Бекмұхамбетова, Аружан Төлебай, София Маслова, Карима Мұхамбетсалықова суретте);


- 2004 ж. т. спортшылар арасындағы Қазақстан чемпионаты, Артем Сипачев-жұптағы қола;

- ҚР мықты спортшыларының турнирі, 2007 ж. т., Темірлан Балташ - жеке есептегі қола жүлде.

Қостанай облысында келешегі зор теннисшілер бар.

Талап Қойбағаров