Халықаралық санаттағы төреші

28.09.2022

Бірде-бір маңызды оқиға спорттық төрешіліксіз аяқталмайды. Төреші жарыстың басталуына сигнал береді, ойын уақытын бақылайды, спортшылардың нәтижелерін тіркейді, ал оның кәсібилігі жарыстың сапасына әсер етеді. Тәжірибелі судьялардың ішінен төрешілер бригадасын басқаратын бас судья тағайындалады. Жақында төрешілер семинары аясында онлайн - тестілеу өтті және оның нәтижелері бойынша үстел теннисінің келесі қазақстандық мамандары Мағжан Тәжікеевке (Астана, фотода), Владимир Кудиновқа (Қарағанды), Дәулет Ысқақовқа (Павлодар), Татьяна Кимге (Қарағанды), Александр Брижевскийге (Қарағанды), Игорь Диомидовқа (Алматы), Рустам Мираслановқа (Шымкент) "халықаралық санаттағы төреші" біліктілік санаты берілді . Құттықтаймыз!

Талап Қойбағаров