Чемпиондардың шеберлік сабақтары

15.02.2021

Маңғыстау облысы Үстел теннисі федерациясының төрағасы Ерболат Қожабаевтың шақыруымен Ақтауға республикалық федерацияның Бас хатшысы Данил Пак, ұлттық құраманың бас бапкері Эльмира Алиева, "Шаңырақ" олимпиадалық резерві мектеп-интернат-колледжінің жаттықтырушысы Алексей Тимченко, 2021 жылғы Қазақстан чемпиондары Алан Құрманғалиев, Сарвиноз Миркадирова, Әнел Бақыт, Маңғыстау облысы әйелдер құрамасының көшбасшысы Гюзель Торшаева шеберлік-сыныбы сабағына қатысты.

Эльмира Әлиева: "Біздің сүйікті спортымыздың осы өңірде беделге ие болғаны және балалар спорт мектептері оқушыларының көпшілігі шеберлік сабағына келгені қуантады. Мен балаларды жақсы техникамен, жеңіске деген ұмтылыспен көрдім және бұл мені қуантады. Жаттықтырушылар, теннисшілер чемпиондармен әңгімелесуден, Ақтауға экскурсиядан көптеген жағымды эмоциялар алды, қасиетті Маңғыстау жерінің қонақжайлылығын сезінді. Үстел теннисін дамытудағы жемісті жұмысы үшін облыстық федерацияға, дене шынықтыру және спорт басқармасына алғыс айтқым келеді".

Алексей Тимченко: "Маңғыстау Қазақстанның мұнай қоймасы ғана емес, жақын арада үстел теннисінің талантты ойыншыларына бай жер деп үміттенеміз. Біз ұлдар мен қыздар арасындағы облыс чемпионатына қатыстық, жарысқа қатысушылардың алдында Қазақстанның ең мықты ойыншыларының шеберлік сыныбын өткіздік. Алан Құрманғалиев, Сарвиноз Миркадирова, Әнел Бақыт, Гюзель Торшаева үстел теннисінің негізгі және жеке элементтерінің техникалық ерекшеліктерін, өз шеберліктерін көрсетті. Көрермендер бір күндік шағын жаттығуды, елдің жетекші ойыншыларының жаттығу процесін көрді. Біздің спортшылар мен жаттықтырушылардың құрмет дипломдары, сыйлықтары, фотосуреттерінің ұзақ кезегі іс-шараны безендірді. Үстел теннисін дамытуда тек Маңғыстау облысында ғана емес, бүкіл Қазақстанда жаңа кезең ашылды деп сенемін. Ұйымдастырушыларға жылы шыраймен қарсы алғандары үшін ерекше алғыс білдіргім келеді".

Талап Қойбағаров