Чемпионат кезінде теннисшілердің тамақтануы

05.05.2020

Жарыстардағы табысты ойын тынымсыз жаттығуларға ғана емес, сонымен қатар теңдестірілген рационға да байланысты. Тамақ оңай сіңіп, ағзаны витаминдермен және микроэлементтермен қанықтырып, көп қуаттылық беруі керек. Бұл қызықты, маңызды тақырыпты Онлайн режимінде Қазақстан ұлттық құрамасының жаттықтырушы-кеңесшісі Дмитрий Левенко (Австрия) көтерді. Оны жаттықтырушы Ирина Анатольевна Пюрко (Петропавл) және спорт шеберіне үміткер, Қазақстан жастар құрамасының мүшесі, ел чемпионатының жүлдегері Екатерина Пюрко қолдады. Бүгін дұрыс тамақтану талаптарына сәйкес келетін тағамдарды спорт шебері, жұптық разрядтағы ел чемпионы, жаттықтырушы Лиля Магалеева (Қостанай) және оның қызы спорт шебері, Қазақстан жасөспірімдер чемпионатының жеңімпазы және жүлдегері, Алина Борисюк ұсынады.

Таңғы ас: қарақат джемімен құймақ;

Түскі ас: солянка, немесе тауық және көкөністермен күріш;

Кешкі ас: қаймақ тұздығындағы паста және жаңа піскен көкөністерден жасалған салат.


Талап Қойбағаров