Бір қадам алға жылжыдық

21.02.2021

Неміс Бундеслигасының 2020/2021 маусымындағы соңғысының алдындағы турында Бременнің «Werder» командасы құрамында Кирилл Герасименкомен бірге Бад-Хомбургте - 20 ойында бір ғана жеңісі бар чемпионаттың аутсайдері болып табылатын «TTC OE» клубымен кездесті. Бұл жолы да матч иелері Рарес Сипош, Лев Кацман, Максим Гребнев алаңда жеңіліс тауып, турнирлік кестеде 12-орынды иеленуді жалғастырды.

Рарес Сипош («TTC OE») - Марсело Агирре («Werder») 3:0;

Лев Кацман («TTC OE») - Маттиас Фальк («Werder») 1:3;

Максим Гребнев («TTC OE») - Кирилл Герасименко («Werder») 1:3;

Рарес Сипош («TTC OE») - Маттиас Фальк («Werder») 1:3.

«Werder» 9-шы орыннан 8-ші орынға жылжыды.

«Werder» теннисшілерінің қорытынды тур алдындағы жеке көрсеткіштері:

Маттиас Фальк 25 жеңіс, 9 жеңіліс (25:9), Кирилл Герасименко 13:9, Марсело Агирре 1:12, Хунор Сеч 0:9.

Талап Қойбағаров