Қазақстан Үстел теннисі федерациясы жылдық есеп беру конференциясын өткізді

18.02.2021

Қазақстанның үстел теннисі федерациясы (әрі қарай – ҚҮТФ) ел аймақтарындағы материалдық-техникалық базаны күшейту жұмыстарын одан әрі жалғастыруға ниетті. Бұл туралы бүгін, 17 ақпан күні өткен ұлттық федерацияның жылдық есебінде ҚҮТФ Президенті Данияр Абулгазин мәлімдеді.

Онлайн-форматта өткен ұйымның басты жиынына аймақтық үстел теннисі федерацияларының басшылары түгел қатысты. Күн тәртібіндегі мәселелерге сәйкес, отырыста Федерацияның 2020 жылы атқарған жұмыстары туралы есеп беріліп, ревизиялық комиссия мен Федерацияның 2021 жылға арналған жоспары тыңдалды.

Одан бөлек, аймақтық федерациялар Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Шымкент, Павлодар, Өскемен, Алматы және Тараз қалаларында салынатын үстел теннисі Орталығының құрылысы мен дамуы туралы сөз алды. Жиынға қатысушылар ғаламдық пандемияға байланысты былтырғы маусымның қиын өткеніне қарамастан, өткен жыл республикалық федерацияның белсенді жұмысымен есте қалғанын атап өтті.

Әсіресе әрбір спорт түрінің іргетасы саналатын материалды-техникалық база мен балалар және жасөспірімдер спорты, сондай-ақ, бұқаралық спортты дамытуға мүмкіндік туды. Жылдың ең басты оқиғасы – мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың өзі ашқан Қарағанды қаласындағы заманауи үстел теннисі Орталығы.

Аталған кешен ең ірі деңгейдегі халықаралық жарыстарды қабылдай алады. Айта кетерлігі аталған Орталық қыркүйек айында жылдың ең маңызды шарасы – Халықаралық үстел теннисі ITTF аясында өтетін халықаралық рейтингтік «Kazakhstan Open» жарысын қабылдайды.

«Биыл біз ел аймақтарындағы материалды-техникалық базаны нығайтуды одан әрі жалғастырамыз. Өйткені, болашақ атлеттердің жеңісіне бұл тікелей әсер етеді. Жақын арада Қазақстанның бірнеше қаласында үстел теннисі Орталықтарының құрылысы аяқталады. Бұдан бөлек, аймақтық федерациялармен бірлесе отырып бапкерлер құрамының дайындығы мен біліктілігін арттыруға ерекше көңіл бөлмекшіміз. Эпидемиологиялық жағдай реттелген бойда қазақстандық бапкерлермен жұмыс істеу үшін шетелден жоғары деңгейлі мамандар шақырылады. Бұл бағытта біз халықаралық федерациямен (ITTF) тығыз байланыс ұстап отырмыз. Аймақтық және ұлттық федерациялардың бірлесіп жұмцс істеуі нәтижесінде біз үстел теннисінің республикалық және халықаралық деңгейде дамитынына сенімдіміз», деді ұлттық федерация президенті Данияр Абулгазин.

Үстел теннисі федерациясының президенті атап өткендей, спорттық нысандардың құрылысы – ұйымның ең маңызды міндеттерінің бірі. Кездесу барысында облыстық федерациялардың басшылары әріптестеріне жұмыстың барысы туралы егжей-тегжейлі айтып берді, сондай-ақ Үстел теннисі және балалар мен жасөспірімдер спорт орталықтарын дамыту жоспарларымен бөлісіп, қала мен облыстық әкімдіктер тарапынан үлкен қолдауын тілге тиек етті.

Сонымен елордада Үстел теннисі орталығының жобасы мақұлданы туралы деп Нұр-Сұлтан үстел теннисі федерациясының төрағасы Абзал Сағымбаев хабарлады. Ауданы 9700 шаршы метр спорт ғимаратының құрылысы 27 теннис үстелінде (4 жаттығу залында) 2021 жылдың маусымында басталады деп жоспарланған. Үстел теннисі орталығы Ақтөбе облысында да қолға алынған.

Облыстық федерация филиалының жетекшісі Руслан Хамбаров спорттық ғимараттың жалпы аумағы 3800 шаршы метр болатынын, онда 20 теннис үстелі болатындығын атап өтті. Ағымдағы жылдың қыркүйегінде Орталық өз есігін ашады деп күтілуде. Сонымен қатар, бұқаралық спортты дамыту мақсатында облыстық федерация 100-ге жуық теннис үстелдерін, 5000 ракеткалар мен 12000 доп сатып алмақшы.

Олар әрі қарай аудан орталықтары мен ауылдық округтерге таратылады. Үшінші кезеңде Павлодар облысындда жалпы алаңы 2600 шаршы метрді құрайтын Үстел теннисі орталығын ашу жоспарлануда. құрылыс-монтаждау жұмыстары басталғаны туралы облыстық федерацияның төрағасы Достиярқұл Аханов мәлімдеді. Шымкент федерациясының президенті Асқар Тұрысбеков әкімдік арнайы жер телімін анықтағанын айтты. Қазіргі уақытта Орталықтың дизайны бойынша жұмыстар басталды. Спорттық нысанның құрылысы осы жылдың екінші жартысында басталады деп жоспарлануда.

Сонымен қатар спортты дамыту тұрғысынан қалалық федерацияның жемісті жұмысының нәтижелері туралы айтылды. Шымкенттегі спортшылар үшін 2 үстел теннисі залы ашылды, 10 теннис столы, 100 алаң және ракеткаларға арналған 30 база, 2200 доп, 30 спорттық жабдықтар жиынтығы сатып алынды. Шығыс Қазақстан облысында да жобалау жұмыстары жүргізілуде.

Облыстық әкімдік сәйкесінше құрылыс үшін жер учаскесін анықтады. ШҚО Үстел теннисі федерациясының президенті Александр Тайбазаров өз сөзінде олардың үстел теннисі орталығы үстел теннисі орталығына арналған 50 орындықтан тұратын жалпы алаңы 9 100 шаршы метр болатынын атап өтті.

Алматыда Үстел теннис орталығы «Алматы Арена» мұз сарайының жанындағы спорттық кластерде пайда болады. Алматы федерациясының президенті болып табылатын Айман Успанованың айтуынша, негізгі залда 12 теннис үстелін орналастыру жоспарланып отыр. Жаттығу кезінде 27 үстелге дейін кеңейту мүмкіндігі бар.

Орталықта қосымша жаттығу залы, онда 7 үстел теннисі үстелдері болады. Нысанның жалпы ауданы 5200 шаршы метрді құрайды. Сонымен қатар, спортшыларға оқу-жаттығу жиындарын өткізу үшін 78 адамға арналған қонақ үй беріледі. Аумағы 3200 шаршы метр спорттық нысанды салу үшін Жамбыл облысында жергілікті атқарушы орган да жер телімін бөліп қойған. Орталық үстел теннисі мен көркем гимнастикаға арналады. Аймақтық федерацияның басшысы Сырым Мәдиев айтқандай, үстел теннисі залында 12 теннис үстелі орналастырылады. Спорт нысаны құрылысының аяқталуы шілде айының соңына жоспарланған.

Қорытындылай келе, Федерация Президенті Данияр Абулғазин Федерацияның 2021 жылға арналған жұмысының негізгі басымдықтары үстел теннисі үшін сапалы жағдайлармен қамтамасыз ету, жастар мен бұқаралық спортты дамыту және жаттықтырушылардың потенциалын күшейту болып қала беретіндігін атап өтті.