Асқар Арсен ширек финалға дейін жетті

26.10.2023

Каирде (Мысыр) "WTT Youth Contender Cairo 2023" халықаралық үстел теннисі турнирі өтуде. 11 жас санатында Оралдық Асқар Арсен (жаттықтырушысы Гүлчехра Хусейнова) Әмір Шириевті (Өзбекстан) 3:1, Моамен Эльбехириді (Мысыр) 3:0, Адхам Эльдавлатиді (Мысыр) 3:0, Юсеф Тахерді (Мысыр) 3:0 есептерімен жеңіп, ал ширек финалда Джозеф Ссебатиндираға (Уганда) 1:3 есебімен жеңілді.

Талап Қойбағаров