Қарағандыдан әкелінген жүлделер

21.01.2021

Қазақстан Республикасы үстел теннисі Федерациясының Шымкент қаласындағы филиалы ашылды (төрағасы Асқар Тұрысбеков). Бұл шараны оңтүстік-қазақстандық теннисшілер 12-17 қаңтар аралығында Қарағандыда өткен ел чемпионатында тамаша өнер көрсетулерімен атап өтті. 8 медаль жеңіп алынды:

Алтын - Сарвиноз Мирқадірова жеке есепте;

Алтын - Әнел Бақыт және Ангелина Романовская (Павлодар облысы) әйелдер жұбында;

Алтын - Әнел Бақыт және Айдос Кенжеғұлов (Орал) аралас жұпта;

Қола - Ырысбек Артұқметов жеке есепте;

Қола - Сарвиноз Мирқадірова және Зәуреш Ақашева (Қарағанды) әйелдер жұбында;

Қола - Бекұлан Жамал, Ырысбек Артұқметов жұптық разрядта;

Қола - командалық есептегі ерлер құрамасы (Бекұлан Жамал, Бақдәулет Әкімәли, Ырысбек Артұқметов, Азамат Алтай, Сарвар Ырысәлиев);

Қола - командалық есептегі әйелдер құрамасы ( Әнел Бақыт, Сарвиноз Мирқадірова, Таңшолпан Шапей, Озода Азатова, Аида Үсіпбаева).

Жаттықтырушылары Нұрлан және Ердәулет Оразбаевтар, Миряқұб Мирасланов.

Суретте Шымкент құрамасы.

Талап Қойбағаров