Жеңіс,үміт және көңілсіздік чемпионаты

27.04.2019

Будапештте (Венгрия) үстел теннисінен әлем чемпионаты жалғасуда. Ал жанкүйерлер, мамандар, осы спорт түрінің әуесқойлары чемпионаттың басты фавориттерінің мерзімінен бұрын жеңілуіне байланысты моральдік шығынға ұшырады - әлемдегі ең үздік теннисші Фан Жендонг (Қытай) бір сегізінші финалда отандасы Льянг Цзинькунға 2:4 есебімен жол берді. Әлемнің екінші ракеткасы Сюй Синь үшінші раундта Француз Симон Гаузиге 2:4 есебімен ұтылып қалды, ал неміс Тимо Болл қатты көтерілген температурасына байланысты турнирден шығуға мәжбүр болды. Тағы екі күтпеген нәтиже: Дмитрий Овчаров (Германия) хорваттық Томислав Пукардан жеңіліп қалды және жапондық Томоказу Харимото турнир біліктілігіне келген кәрістік Ан Джахьюннан жеңіліс тапты.

Әйелдерде бәрі тыныш, себебі жартылай финалға қатысушылардың барлығы қытайлықтар. Қазақстан спортшылары әлем чемпионатында 1/64 финалында өнер көрсетулерін аяқтады. Біздің құраманың бас жаттықтырушысы Эльмира Әлиеваның пікірі: «Ерлер құрамасын Кирилл Герасименко, Денис Жолудев, Тимур Келбұғанов, Бекұлан Жамал; әйелдер командасын Анастасия Лаврова, Зәуреш Ақашева және Гүлчехра Құсейінова көрсетті. Чемпионат миксттан басталды. Елден екі жұп қана жіберілді. Біздің аралас жұптар Денис Жолудев-Анастасия Лаврова, Кирилл Герасименко-Зәуреш Ақашева бірінші кездесуде жеңіске жетіп, екінші ойында жеңіліс тапты. Кирилл мен Зәуреш қарсыластары ұстай алмайтын доп берілісін таңдай алмады. Денис-Настя жылдамдық, тұрақтылық бойынша ойында жол берді.

Жеке разряд. Бекұлан Жамал-Әсим Күреши (Пәкістан) 4:0, Флорент Ламбиет (Бельгия) 0:4 және негізгі торға өтпеді. Бекұланның барлық күш-жігеріне қарамастан бельгиялық спортшы ойын деңгейінен асып түсті.

Гүлчехра Құсейінова-Константин Париди (Грекия) 1:4, Матее Ягер (Хорватия) 0:4. Хорваттан әлсіз болды, бірақ грек қызын жеңу керек еді. Өз қателіктері есебінен ұтылып қалды, өз берілістерін жүзеге асырмады, қабылдауда көп қателесіп, әлсіз зейін қойды.

Тимур Келбұғанов-Албалоши Абдұлла (БАӘ) 4:1, Хан Сью Лам (Гонконг) 0:4, негізгі торға шықпады. Тимур бірінші сетте сенімді ойнай бастады, бірақ қарсыласы шабуылды сәтті бастап, ұпаймен аяқталған төменгі-бүйірдегі күрделі допты қолдана бастаған кезде Тимурға ол қиынға соқты, ол бастаманы ала алмады және тек екінші жоспарда ойнады. Нәтижесінде қарсыласы жоспарлы түрде ұпай жинап, кездесуді жеңіп алды.

Денис Жолудев - Губран Фахд (Йемен) 4:0, Марек Бадовски (Польша) 0:4, негізгі торға шықпады. Денис шабуыл жасай бастады, өз берістерінен кейін қарсыласын өз ойынымен ойнауға мәжбүр етті, бірақ қабылдау кезінде көптеген қателіктер жіберді. Қарсыласы Денистің әлсіз сол жағын тауып, осы бағытта ойынын күшейтті. Жолудев алыс аймақта сол жақтан қарсы шабуылдай алмады. Ұзақ ойындарда польшалық спортшы тұрақты болды.

Зәуреш Ақашева - Плайстов Ребекка (Шотландия) 4:0, Ким Вермаас (Голландия) 2:4. Ақашева голландиялық ойыншыға қарсы матчты лайықты өткізді,оның рейтингі екі есе асып тұрған еді (150) және 1/64 финалға шығуға жақын болды.

Бірінші партияны Зәуреш белсенді, сенімді ойнады, 10: 6 есебімен алға шықты және сәтсіз беруден кейін пассивті ойынға кетті, бұл ұтылған партияға алып келді. Екінші және үшінші партияны тартысты күресте, әдемі ұзын ойындармен, сол жақтағы қатты терең шабуылмен, қабылданған тактиканы сақтай отырып Зәуреш ұтты. Кейінгі партияны Зәуреш асығыста техникалық қателіктер жіберіп, теңгерімде ұтылады. Бесінші партияда 8:5 есебімен алдыда келе жатып, голландиялық жаттықтырушы ойналған ұпайға таласып, ойыннан жаңылыстырады. Дау ұзаққа созылды, Зауреш қарсыласқа ұпай берді, төрешілер есептегішті кері қайтарды. Осы жағдайдан кейін Ақашева ойынға деген зейінін жоғалтып, голландық ойыншыға бастаманы бере салды. Нәтижесінде есеп 2:3, содан кейін 2:4.

Анастасия Лаврова-Әли Маха (Катар) 4:0, Хелми Юсра (Египет) 4:0, негізгі торға шықты, онда аралас разрядтағы әлем чемпионы, әлемнің алтыншы ракеткасы Касуми Ишикаваға (Жапония) жол берді. Настя жарайды! Топта қарсыластарын сенімді жеңді. Мысырдан келген теннисшінің Настяға қарағанда рейтингі айтарлықтай жоғары (131). Оң және сол жағында тұрақты айналмалы классикалық ойыны бар мысырлық Настяға қарсы тұра алмады. Настя тактика жағынан сауатты ойнады, қарсыласының топ-спиндерін (айналуды алып тастады) сабырлықпен қабылдап, қажетті сәтте бос нүктелеріне шабуыл жасады. Сенімді жеңіс және Настя негізгі торға шықты.

Кирилл Герасименко әлемдік рейтингке сәйкес негізгі сетте болды және бірінші кездесуде 2:4 есебімен жас ойыншы Ван Тай-Вейге (Тайбэй, 325-ші әлемдік рейтингте) жол берді, алайда қазақстандық кем дегенде 1/32 финалда болуы тиіс деп ойлаған едік. Герасименконың жеңіске деген ынтасы болмады, пассивті, сенімсіз ойнады. Менің ойымша, Қазақстанның намысын қорғайтын спортшы 100% - ға тырысып, жеңіске жету үшін бар күш-жігерін жұмсауы керек, бірақ біз бұл матчта ондайды көрмедік.

Тек ерлер жұбында ғана 1/32 финалға дейін алға жылжыдық (Денис Жолудев-Тимур Келбұғанов, Кирилл Герасименко-Андрей Левенко, Австрия).

Қорытынды: соңғы жеке чемпионатымен салыстырғанда Настя Лаврова мен Зәуреш Ақашева өз нәтижелерін жақсартып, өз рейтингтерін арттырды. Денис Жолудев, Тимур Келбұғанов жұптық разрядта алға жылжыды. Бекұлан Жамалдың, Гүлчехра Құсейінованың өрлеулері байқалмайды, ары қарай өсуі үшін қорлары жоқ. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Кирилл Герасименко жеке бағдарлама бойынша жаттығып, жақсы дайындықтан өтіп, әлем чемпионатын құлатты, өз мүмкіндіктерінен төмен ойнады».

Талап Қойбағаров, Будапешт