Алматыда, Қазақстан үстел теннисі Федерациясының залында шағын ракетканың мықты шеберлері арасында «ТОП-12» дәстүрлі республикалық турнир болып өтті, оның қорытындысы –жастар мен тәжірибелі спортшылар арасындағы елеулі бәсекелестік. Әсіресе бұл,2017 жылғы өткен ел чемпионатының қола жүлдегері 18 жасар қарағандылық Зәуреш Ақашеваның ойынында айқын көрініс тапты. Ол 11ойын өткізіп оның бәрінде де жеңіске жеткен болатын.4:1, 4:2 және 4:3 есебімен Зәуреш өзінің басты қарсыластарын республикалық құраманың мүшелері Гүлчехра Қусейнованы (Батыс-Қазақстан облысы), Наталья Сладкованы (Қарағанды) және Анастасия Лаврованы (Астана) жеңіп алдыға шықты. Нәтижесінде Зәуреш бірінші орында, Анастасия екінші, Гүлчехра үшінші орында.Ал төртінші позицияда орналасқанАлматы қаласы «Шаңырақ» ықшам ауданында орналасқан мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі оқушысы14-жастағы Ангелина Романовская (Павлодар облысы) өзінің тәжірибелі қарсыластарымен кездесу кезінде ешбір есі шықпастан, Наталья Сладкова, Айя Әлімбаева, Елена Пилипенко, Юлия Даниярова сияқты спорт шеберлерінен басым түсті. Болашағы зор Ангелина Романовская үшін «ТОП-12» үздігіндегі төртінші орын өте жақсы нәтиже болып саналады.
Өзінің үдемелі ойынымен 12-жасар Сарвиноз Мірқадірова (Оңтүстік-Қазақстан
облысы) «Шаңырақ» клубының жаттықтырушыларын қуанта білді. Оның еншісінде бес
жеңіс және лайықты алтыншы орын. Жастар үлкендерді қуып жетуде.
Ерлер арасында жеңімпаз аталған Тимур Кельбұғанов (Алматы, 26 жас), екінші
орында Бекұлан Жамал (Оңтүстік-Қазақстан
облысы, 22 жас), үшінші орында Эрик Райтер (Қарағанды, 21 жас). Чемпиондар мен
жүлдегерлер үшін спорттық үлкен жетістіктерге жетуде жас ерекшеліктері ең
қолайлы сәт болып табылады. 17-жастағы Айдос Кенжеғұловта оларға жақындап қалды
(4-ші орын, Батыс-Қазақстан облысы).
Бірнеше күннен соң, дәлірек айтсақ 5 ақпанда, Таразда жеке командалық ел
чемпионаты өтеді, онда біздің жастардың қабілетін тағыдабайқайтын боламыз,
Қазақстан үстел теннисінің болашағы.