Жаңа талаптардан хабардар болу

16.06.2018

Қазақстанның шағын ракетка шеберлерінің оқу-жаттығу жиыны қызу дайындық үстінде. Күнделікті 8.00-ден 11.30-ға дейін республикалық Федерация залында Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелері және құрамаға үміткерлері кезекті еңбекке тұруда. 14.30-дан 18.00-ге дейін жаттықтырушылардың қолына кадеттер және жасөспірімдер түседі. Оң жақ диагональ бойынша 2/3 үстел айналымы басталады. Соққы нүктесінежақындау іскерлігін дұрыс пысықтау. Жаттығу дәлдігі мен дұрыс қозғалу. Оң жақ бұрыштан тікелей оң жақпен, ортадан оң жақпенсоққы беру. Содан кейін сол жақ бұрыштан сол жақпен қиғаштап және тағыда с.с. Жаттығу қарқындылығы күшейе түседі және демалыс уақыты күрт азаяды. Жас спортшылар мұндайға қалай шыдайды? Менің әңгімелесушім Қазақстан құрамасының жасөспірімдер және кадеттер бойынша аға жаттықтырушысы Евгений Тимченко.

Сұрақ: Қазақстан құрамасының жаттықтырушы-кеңесшісі Дмитрий Левенко (Австрия) атап өткендей, «Шаңырақ» (Алматы) шағын ауданындағы олимпиада резервінің мектеп-интернат-колледжі спортшылары, ОЖЖ беретін үлкен жүктемелерге шыдайды. Бұл олардың қолынан қалай келеді?

Евгений Тимченко:Интернаттағы үстел теннисі бөлімшесібаяғыданДмитрий Левенконың бағдарламасы бойынша жұмыс атқарадыжәне біздің балалар оның тапсырмаларымен және жүктемелерімен жақсы таныс. Осыдан бірнеше жыл бұрын мен Австрияда әлем чемпионы Вернер Шлягердің академиясында оқыған едім және онда Дмитрий аға жаттықтырушы болды. Біз дене дайындығына үлкен көңіл бөлеміз және бұл таңқаларлық емес, өйткені интернат балалар өздерін толығымен спортқа және үстел теннисіне арнау үшінқұрылған еді.

ОЖЖ қызықты және пайдалы, жаңадан көп нәрселерді білдік. Біздің спорт түріміз қарқынды дамып келеді және Дмитрий Левенко осы оқиғалардан хабардар. Олар Кирилл Герасименкомен бірге осының бәрін қайталап үйренеді және бізге олардан үйренуге мүмкіндік береді. Кирилдың халықаралық аренадағы сәтті ойындары, біздің дұрыс бағытта келе жатқанымызды көрсетеді.

Оқу-жаттығу жиынында Астана, Алматы, облыстарға семинар жоспарланған және бұл тамаша үрдіс. Дмитрий Левенконың спортшыларға беретінін, жаттықтырушыларыда алу керек және жаңа талаптардан хабардар болу керек. Тек сонда ғана тәлімгерлер өз үйлерінде осында алған білімдерін өздерінің әріптестеріне, шәкірттеріне бере алады.

ОЖЖ қатар «Шаңырақта» 2007 ж.т және одан да жас спортшылар арасында тағыда бір жиын өтіп жатыр. Жаттығып болғаннан кейін Павлодар, Тараздан келген балалар өз үйлеріне кетіп қалды. Оларды Астанадан, Ақмола және Оңтүстік Қазақстан облыстарынан келген 22 теннисші ауыстырды. Бұл басқа алаңнан басталатын жаңа буын. Егерде интернатқа 5 жыл бұрын келгендермен және қазіргі түскендерді салыстыратын болсақ, онда қазіргілер, үлкен белестерді бағындыруға көбірек дайындалған.




Талап Қойбағаров