Табысты ойынымызды аяқтадық

21.01.2018

Будапеште жүлде қоры 150 000 АҚШ долларын құрайтын үстел теннисінен осы маусымдағы бірінші Әлемдік тур өтуде. Ерлер разрядында 200-ден астам теннисшілер сайысқа шығып, жарыстың төртінші күнінде тек 16 үздік ойыншы қалды, олардың арасында Кирилл Герасименкода бар (Астана).Қазақстан құрамасының көшбасшысы алдымен біліктілер арасында өте жақсы ойын көрсетті, содан кейін жарыстың негізгі сеткасында бес рет айқын жеңіске жетті.Поляк ойыншысы Дуяс Якоб, қытайлық Ю Цзыян, испандық Карлос Мачадо, швед ойыншылары Герел Пар мен Маттиас Карлссон, Кирилл Герасименкоға ешқандай қарсылық көрсете алмады.Қазірдің өзінде ¼ финалына шығу үшін біздің жерлесіміз Венгрияның Ашық чемпионатының фавориті, әлемнің үшдүркін чемпионы, Азияның қазіргі чемпионы, 2017 жылы Астанада өткен Гранд-финал Әлемдік Турының жеңімпазы Фан Жендонгпен (Қытай) кездесті. Әрине осы ойында табысқа ие жағы қытайлық ойыншыда болғанымен, алайда қазақстандық жанкүйерлер Кирилға сенім артты, кішкене болсын спорттық ғажайыптан үміттенді. Бірінші ойынды 12:10 есебімен Фан Жендонг ұтты, екінші ойында 11:9 есебімен Кирилл басымдылық танытты. Бізде ойынның оң нәтижелі болып аяқталатынына үміт пайда болды. Кенеттен Фан Жендонг бүгінгі таңдағы әлемнің екінші ракеткасы екенін бәріне танытты. Шабуылдан шабуылға көшіп, қатесіз ойын нәтижесінде 4:1 есебімен сенімді жеңіске жетті. Фан Жендонг ¼ финалға шықты, ал Кирилл өзінің Венгриядағы табысты ойындарын аяқтады.