Үстел теннисі шеберлерінің кезекті спорттық жылы басталды. 2018 жылдың күнтізбесі жарқында беделді жарыстарға толы, оның ішінде ең бастысы сәуір айында шведтің Хальмстад қаласында өтетін әлем чемпионаты.Биылғы қаңтар айы көптеген қызықты оқиғаларға бай. Өйткені бұл күндері ел чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Кирилл Герасименко Қазақстан құрамасының кеңесші-жаттықтырушысы Дмитрий Левенкомен бірге Австрияда оқу жаттығу жиынын өткізуде. Содан кейін Кирилл немістің «TTC Zugbrucke Grenzau» (Гренцау қ.) клубының құрамында Бундеслигада ойнайды, ал қаңтардың 16 мен 21 аралығында Венгрияның ашық чемпионатының – кезекті Дүниежүзілік турында өз өнерін көрсетеді.
Қаңтардың 14,15 және 16 күндері
Алматыда Қазақстан ұлттық құрамасының сатысына үміткерлер 2018 жылғы (Хальмстад,
Швеция)дүниежүзілік чемпионатына қатысу үшін Іріктеу турнирде сайысқа түспек.
20 қаңтарда Австрияның клубтық
чемпионаты жалғасады, онда «Badener AC» ( Баден қ.) клубының сатысында спорт
шебері, Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Денис Жолудев ойнайды.
Қаңтар айының 23 мен 28 аралығында
Тегеранда (Иран) Қазақстанның, Өзбекстанның, Қырғызстанның, Түркменстанның,
Тәжікстанның, Иранның, Ауғанстанның жас және дарынды теннисшілері арасында «Hopes
Week» атты Орталық-Азияның аймақтық іріктеу турнирі өтеді. Жеңімпаздар және
олардың жетекшілері жыл бойы Халықаралық үстел теннисі Федерациясы (ITTF)
есебінен 12 беделді жарыстарға, халықаралық бірлескен жиындарға қатысады.
Қаңтардың 28-31 аралығында Алматыда
Қазақстанның «ТОП-12» шағын ракетканың мықты шеберлері турнирі өтеді.
Талап Қойбағаров