Морава өзеніндегі шайқас

15.02.2018

Морава өзенінің бойында орналасқан Годонина қаласында, үстел теннисінен жастар және кадеттер (15-тен 18 жасқа дейін) арасында Чехияның Ашық чемпионаты басталды, онда жеке және жұптық разрядтарда,сондай-ақ командалық турнирде медальдер ойналатын болады. Қазақстанның атынан Айдос Кенжеғұлов, Зәуреш Ақашева, Бағдәулет Әкімәли, Сарвиноз Мірқадырова, Ангелина Романовская және Ескендір Харки шығады. Жарыстың бірінші күнінен кейін Айдос пен Ескендір өз топтарындаекінші орын алып турнирдің финалдық бөлігіне шыққан болатын, алайдафиналда өз қарсыластарынан ұтылып қалды. Сарвиноз Мірқадырова өз тобында тағы екі теннисшімен бес ұпай жинаған болатын, бірақта өз партиясында жеңіс пен жеңіліс төменгі айырмашылығымен тек үшінші орынға ие болды. Алайда, 13-жастағы Сарвиноз Мірқадырова мен 14-жастағы Ескендір Харки өздерінің 17 жастағы қарсыластарымен лайықты шайқасты. Чехияның ашық чемпионаты жалғасуда.