Ағымдағы жылдың көктемінде шведтің Хальмстад қаласында өтетін үстел теннисі бойынша командалық әлем Чемпионаты, ұлттық телеарнада көрсетіледі. «Швед теледидары» телеарнасы (Sveriges Television - SVT), теледидары бар әр үйде көрсетілім жүргізеді, атап айтқанда ол Швед үстел теннисі Қауымдастығымен келісім-шартқа қол қойды, онда әсіресе негізгі ірі арналардағы трансляциялау міндеті айқын жазылған. Айта кететін болсақ SVT телеарнасы 20 жыл бойы мұндай турнирлерді көрсетпей келген.
«Үстел теннисі – біздің елімізде танымал спорт түрі», деді спорттық
өнімдердің телеарна менеджері, Аса
Эдлунд Йонссон. «Біз үйде әлем Чемпионатын тікелей эфирде көрсететінімізге өте
қуаныштымыз деп атап өтті».
Шын мәнінде швед телеарнасы – көпке үлгі, өйткені интернет желісіндегі
мол ақпаратқа қарамастан,тек теледидар ғана көптеген әлем халықтары үшін
жаңалықтар мен ойын-сауықтың басты көзі болып табылады. Дәл осындай келісім– шарттар ғана жұртшылықтың назарын үстел теннисіне
аударуына кепіл бола алады, ал бұл тек ғана Халықаралық үстел теннисі
Федерациясының алдына қойған мақсаты емес, сондай-ақ ұлттық қауымдастықтардың
алдына қойған мақсаты болып табылады.
ITTF материалдары бойынша