Даму үшін жаңа серпін

22.02.2018

Республикалық Федерация Президенті лауазымына Қасым-Жомарт Тоқаевтың келуімен Қазақстан үстел теннисі даму үшін жаңа серпініс алды. Еліміздің әр аумағында осы спорттың олимпиядалық түрімен шұғылдануға жағдай жасалған және де нәтижесі ретінде ересектер, жастар мен жасөспірімдер арасындағы ел чемпионатында жүлделі орындарды Қазақстанның 10-11 аймақтарының өкілдері жеңіп алуда. Жуықта Федерация облыстық филиалдардың жаттығу залдарының жағдайларына баға беріп, 130 кәсіби үстелдер мен «Donic» жетекші әлемдік маркалы 600 қоршаулы кедергілерін сатып алды, сондай-ақ олар өңірлерге жіберілді. Бұл қадам бұқаралық спортты дамыту және елімізде спорттың жоғарғы жетістіктері жөніндегі айқынды саясаты болып табылады. Бізде жүйелі түрде үстел теннисімен айналысатындардың саны 150 мың адам, кәсіби жаттығатын спортшылар 5 мыңнан жоғары, олармен 200–ден астам тәлімгерлер жұмыс істейді.