Бірінші – демек үздік

28.01.2018

Алматыда Қазақстан үстел теннисі Федерациясының залында жасөспірімдер кадеттер арасында 1 – ші Ашық клубтық ел чемпионаты өтті, аталған чемпионат жеңілістен кейін ойыннан шығу (плей - офф) олимпияда жүйесі бойынша болды. Аталған жарыстың жақсы жағын айтатын болсақ, ол ойындардың ең аз мөлшердегі санынжәне жеңімпазды барынша жылдам анықтау болып табылады. Плей-оффта кім бірде-бір мачта жеңілмесе, сол жеңімпаз аталады.

Бірінші болып алаңға 14 команда шықты, және үш сағат ішінде чемпион мен жүлдегер анықталды: алтын медальды құрамында Ескендір Харки, Ырысбек Артуқметов, Арслан Абылғазин және Евгений Тимченко ойыншылары бар (Алматы қ.) «Шаңырақ арыстандары» клубы жеңіп алды. Күміс жүлдені құрамында (Максим Прадедов, Алнұррашит Садуақасов, Нұрасыл Мұхит) ойыншыларымен Тараздың «Бүркіт» клубы қанжығасына байлады, ал қола жүлдені Алматының «Шаңырақ Қасқырлары» командасы құрамы (Ердос Құралбай, Есенгелді Рамазанов, Құрманғазы Орынбасаров) иеленді.

Содан кейін чемпионаттың барлық қатысушылары жеке турнирде ойын көрсетті. Финалдың тартысты ойынында Ескендір Харки 3:1 есебімен Ырысбек Артукметовты жеңіп лайықты бірінші орынды иеленді. Қола жүлдені Алнұррашит Садуақасов өз қанжығасына байлады.

Келесі, жасөспірімдер мен кадеттер арасындағы II-шіАшық клубтық ел чемпионатын күз айында Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Қытай елдерінің қатысуымен өткізу жоспарлануда.