Аланға арналған шақырту

19.02.2018

Қарағандылық 11-жасар Алан Құрманғалиев (жаттықтырушысы Эльмира Әлиева ) наурыз айының 5 нен 12 аралығында Бангкокте үстел теннисінен өтетін азиаттық «Hopes Week» шараларына арнаулы шақырту алды. Онда құрлықтың 16 жас және мықты спортшылары оқу-жаттығу турнирін өткізеді. Алан қаңтар айында Тегеранда Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркменстан, Тәжікстан, Иран, Ауғанстантеннисшілері арасында өткен «Hopes Week»Орталық - Азия аймақтық турнирінде өз өнерін көрсетіп, Халықаралық үстел теннисі Федерациясының (ITTF) мамандарын өзіне назар аудартқан болатын.

Hopes Week Деген не? ITTF үнемі бүкіл әлем бойынша дарынды балаларды анықтау жұмыстарын жүргізеді және оларға ары қарай қолдау көрсетеді.«Regional Hopes Week & Challenge» аймақтық іріктеу жарыстарында жеңімпаздар анықталып, жыл ішінде өздерінің тәлімгерлерімен бірге ITTF есебінен 12 беделді турнирлерге және барлық бірлескен халықаралық жиындарға қатысады. Алан Құрманғалиевқа сәттілік тілейік.