Бүгін Қазақстан Республикасының үстел теннисі федерациясының атқарушы директоры Александр Леонидович Переваловқа 60 жыл толды!
Александр Перевалов, КСРО
спорт шебері, жеке есептегі Қазақстанның 5 дүркін чемпионы (1977, 1978, 1979,
1980 және 1984 ж. ж.), командалық есепте, жұптық және аралас разрядтарда
республиканың бірнеше дүркін чемпионы, "Спартак" Орталық Кеңесі құрамындағы
ерікті спорттық кәсіподақтардың Бүкілодақтық кеңесі чемпионатының күміс жүлдегері,
жасөспірімдер арасындағы "Спартак" ОК бірнеше дүркін чемпионы,
ересектер арасындағы жүлдегер.
1968 жылы
Николай Баландин атты жас жігіт Алматыдағы № 66 орта мектебіне келіп, үстел
теннисі секциясының жаттықтырушысы ретінде өз қызметтерін ұсынды. Мектеп дәлізінде сабақтан кейін
ол үстел қойып, бастауыш сынып оқушыларын ойнауға үйретті. Басында үстел теннисінің қыр-сырын танығысы
келетіндер көп болды, бірақ бір айдан кейін секцияға тек қана ең тұрақты, осы
спорт түрін сүйетіндер ғана келді. Осындай ұлдардың арасында екінші сынып оқушысы Саша Переваловта болды.
Александр Перевалов: Үстел
теннисіне дейін мен басқа спорт түрімен айналыспадым, тек аулада футбол ғана ойнадым. Менің алғашқы ұстазым Николай
Васильевич Баландин. Алғашқы
жарты жыл біз сабақтан кейін мектеп дәлізінде ойнадық және жаттығулар өткіздік,
содан кейін біздің жұмыс кентімізде №22 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі
(БЖСМ) ашылды, онда үстел
теннисінің стационарлық залы болды. 8 жасымда секцияға келдім, 10 жасымда алғаш рет чемпион атандым. Біздің № 22 БЖСМ-де үнемі
жарыстар өткізіліп тұратын, және мен 10 жастағы ұлдар арасында чемпион атандым. Барлық жеңімпаздарға
"Чемпион" деген жазуы бар майкалар табыс етілді. Сол уақытта суреттер, жазулары бар
майкалар жоқ еді және бұл шын мәнінде бір оқиға болды. Мен "Чемпион"
деген жазуы бар майканы мақтан тұтып киіп жүрдім.
Николай Васильевич
Баландиннің басшылығында қайратты жаттықтым, соның нәтижесінде Алма-Ата қаласының
чемпионатында, жасөспірімдер арасындағы ҚазКСР чемпионатында жаңа жеңістерге қол
жеткіздім. Менің туған
№22 БЖСМ-нен республика құрамасына Игорь Лукьянов, Камалдин Полванов, Валерий
Ягодинец кірді. Бақытымызға орай, біздің кезімізде
"Спартак", "Динамо", "Локомотив", "Еңбек
резервтері" республикалық және бүкілодақтық спорт қоғамдары өткізетін үстел
теннисі бойынша жарыстар көп болды. Қазақстанда үстел
теннисі "Спартакта" кеңінен таралды, ондағы жаттықтырушы белгілі
Анатолий Харитонович Ицкевич болды. Республика құрамасының
барлық ойыншылары спартактан болды. Мен жақсы
спорттық нәтижелер көрсете бастадым, "Спартак" республикалық кеңесінің
чемпионатын бірнеше рет жеңіп, Қазақстанның жасөспірімдер құрамасына кірдім.
9-сыныпта менің
жаттықтырушым Николай Васильевич Баландин өз қолымен мені Анатолий Харитонович
Ицкевичтің тәрбиесіне берді. Сөйтіп 16 жасымда мен Қазақстан ұлттық құрамасының
ойыншысы болдым. Ол кезде
ерлер құрамасының негізін алматылықтар Сергей Терлицкий, Сергей Переверзев
(Дмитрий Переверзевтің ағасы), Айбол Тоқпанов, Камалдин Полванов, қарағандылықтар
Александр Дубаневич, Виктор Руш, Сергей Еренков құрады. Менің басты қарсыласым Саша Дубаневич
болды. Біз құрдастармыз, сондықтан да жасөспірім кезінен бастап өзара бәсекелестік. Ол солақай, безерлі ойыншы, ыңғайсыз
және оны оңайлықпен жеңе алмайсың. Қандай есеп болсада Саша Дубаневич соңына
дейін күресетін. Ұзақ уақыт
бойы бүкілодақтық жарыстарда Қазақстанның намысын біз бірге қорғадық.
Александр
Перевалов алғаш рет жеке есептегі Қазақстан чемпионы атағын 1977 жылы жеңіп
алды. Содан кейін
1978, 1979, 1980 және 1984 жылдары тағы 4 рет мықты болды. 1981-82 жылдары әскер қатарында болды және
ол болмаған уақытта республика чемпионы атағында Александр Дубаневич пен Сергей
Терлицкий кезектесіп болды.
Александр
Переваловтың спорттық жеңістері, грамоталары, медальдары, кубоктары өте көп, және
олардың әрқайсысы өзінше қымбат. Бірақ қолмен ұстап көруге болмайтын жетістіктер де бар, және олар мәңгі
есте қалады. Бұл
"Спартак" орталық кеңесінің құрамына мүшелік, онда оның әріптесі аты аңызға
айналған Саркис Сархаян (Батуми қ.) болды, ол КСРО чемпионаттарының жеке
есебінде 45 медаль (26 алтын, 11 күміс, 8 қола) жеңіп алған. Саркис Еуропаның 8 және әлемнің 5
чемпионаттарына қатысып, КСРО құрамасының құрамында бірнеше рет күміс және қола
жүлдегер атанды. 1973 және
1975 жылдары Сархаян әлемнің үздік ойыншыларының сегіздігіне кірді. Александр Переваловқа Сархаянмен
жаттығып, оның спарринг - серіктесі болу, одан көп нәрсені үйренуге көмектесті. Мұндай қарым-қатынас қымбат.
Сондай-ақ, "Спартак" ОК-де спорт шебері, ерекше ойыншы Владимир Воробьев
(Мәскеу) өнер көрсетті, ол уақыт
өте келе Ресейдің жасөспірімдер құрамасына басшылық етті. "Спартак" ОК-нің құрамында
Александр Перевалов КСРО-ның спорттық қоғамдар арасындағы чемпионатында күміс жүлдегер
атанды. Бүкілодақтық ірі
турнирлерде ол КСРО-ның екі дүркін чемпионы Баграт Бурназян (Ереван), жастар
арасындағы Еуропаның үш дүркін чемпионы, КСРО-ның бірнеше дүркін чемпионы Игорь
Солопов (Магнитогорск), КСРО-ның екі дүркін чемпионы, Әлем чемпионатының қола жүлдегері
Владимир Дворак (Донецк) сияқты өте күшті және атақты теннисшілерді жеңген.
Александр Перевалов: 90-шы
жылдардың басында жаттықтырушылық жұмысқа
ауысты және кейде республикалық жарыстарда, "Динамо" ОК-нің
турнирлерінде өнер көрсетті. Құрамаға
Дима Абраменко, Алмас Бекботаев, Юра Ермолаев сияқты жас ойыншылар келді. Олар үлкен бәсекелестік көрсете
бастады, бір жерде мені ұтып кетті және мен әдемі кету керек екенін түсіндім. Жаттықтырушылық жұмысын Алматы қаласындағы
№1 балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебінде (БЖОРМ) бастадым. Менің алғашқы шәкірттерім Игорь
Пасечник, Сергей Шейкин жасөспірімдер арасында ел чемпионы атанды. Павлодарлық
Алексей Мищук Алматыға көшіп келіп, менде жаттықты, жақсы теннисші. Владимир Иванович Переверзевпенде
Алматы қалалық жоғары спорт шеберлігі мектебінде жұмыс істедім. Өзімнің аға әріптестерімнен жақсы
жаттықтырушылық тәжірибе жинақтадым, 1998-2010 жылдар аралығында Қазақстан құрамасына
басшылық еттім. 2000 жылы бас жаттықтырушы ретінде команда құрамындағы Дима Переверзев, Дима
Абраменко, Ермек Бекназаров, Елена Переверзева, Эльмира Зайнабұдинова, Марина
Капустина (Шумакова) сияқты ойыншыларды Малайзияда өткен Әлем чемпионатына алып
бардым. Сол кезде біздің
қыздар сәтті өнер көрсетіп, әлем чемпионатының 2-ші дивизионына шыққан болатын. Біз үшін бұл жақсы нәтиже. Екінші дивизионда 25-тен 48-ге
дейінгі орындар ойнатылады. Ұлттық құрамалар
180-нен астам және біз 48-ші орында тұрдық. 2006 жылы Қазақстанның ерлер құрамасыда
(Руслан Тұрғамбаев, Ермек Бекназаров және Николай Яновец) 2-ші дивизионға шықты".
Александр
Перевалов өте жақсы ойыншы болды, кәсіби жаттықтырушы ретінде қалыптасты және қазір
Қазақстан Республикасының үстел теннисі федерациясының Атқарушы директоры болып
жұмыс істейді. Мерейтойыңызбен,
Александр Леонидович!
Талап Қойбағаров