Әзірге жүлдеге жеткен жоқпыз

11.08.2019

Гонконгта әлемнің 17 елінен келген 146 спортшы қатысқан "ITTF Junior&Cadet Open" атты үстел теннисінен турнирі аяқталды. Анель Бақыт (суретте, Алматы) кіші топта екінші орын алып, 1/16 финалға шықты, бірақ онда Анель Гонконг ойыншысы Нг Вин Ламға жол берді. Сарвиноз Мірқадірова (Шымкент) 1/16-да жапондық Аоки Сашиді 3:1 есебімен жеңді, бірақ 1/8-де дәл осы есеппен Чоу Ка Чиннен (Гонконг) жеңіліс тапты. Жұптық разрядта Анель мен Сарвиноз 1/8-ге дейін ойнады, алайда онда оларды жапондықтар тоқтатты.

Талап Қойбағаров