Жоспарланбаған демалыс

16.03.2020

Маскат қаласында үстел теннисінен "Oman Open" турнирі аяқталды және бүгінгі күннен бастап (ITTF) Халықаралық үстел теннисі федерациясы өз қызметін ағымдағы жылдың сәуір айының соңына дейін уақытша тоқтатады. Себебі белгілі - бүкіл әлем бойынша COVID-19 жылдам таралуына байланысты.

Oman Open чемпиондары:

Ерлер. Шарат Камал (Үндістан);

Әйелдер. Хитоми Сато (Жапония, суретте);

Ерлер жұбы. Александар Каракашевич (Сербия) - Любомир Пистей (Словакия);

Әйелдер жұбы. Хитоми Сато - Хонока Хасимото (Жапония);

Аралас жұп. Тристан Флор - Лора Гаснье (Франция);

21 жасқа дейінгілер арасындағы турнир.

Ерлер. Чандра Джит (Үндістан);

Әйелдер. Маки Сиоми (Жапония).

Қазақстандық Кирилл Герасименко Маскатта өнер көрсетіп, ширек финалға жетті. Біздің спортшы юниорлар мен кадеттер арасындағы Оңтүстік-Шығыс Азияның үш дүркін чемпионы Панг Эн Коенді (Сингапур), жұптық разрядтағы әлем чемпионатының қола жүлдегері, командалық есептегі Еуропа чемпионы Тьяга Аполонияны (Португалия) жеңді, ал жартылай финалға шығу үшін шайқаста Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері Кирилл Скачковқа (Ресей) жол берді.

Талап Қойбағаров