Жолдарыңыз болсын!

25.02.2021

Әділет департаментінде "Ақмола облысының Үстел теннисі федерациясы" қоғамдық бірлестігі тіркелген. Қазақстанның осы солтүстік өңірі спорт әлемінде биатлон, шаңғы жарысы, шайбалы хоккей, шорт-трек, күрес түрлері, жеңіл атлетикамен танымал. Енді таяу болашақта ел үстел теннисіндегі жетістіктер туралы естуге үміттенеді, әсіресе бұл үшін жақсы жағдайлар жасалған. «Бурабай» балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде (Көкшетау) үстел теннисі бөлімі ашылды, облыстың аға жаттықтырушысы болып тәжірибелі маман Көбеген Саламатов тағайындалды, курортты Щучинск қаласында "Burabay Open" халықаралық турнирі өткізілді, ал республикалық Федерация ақмолалықтарды кәсіби жабдықтармен - теннис үстелдерімен, ернеулермен, taraflex еден жабынымен қамтамасыз етті. Қайырлы жол, Федерация!

Суретте аға жаттықтырушы Көбеген Саламатов шәкірттерімен бірге



Талап Қойбағаров