Жол болсын, БЖСМ!

22.12.2022

Ақтөбеде үстел теннисінен балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі (БЖСМ) ашылды. Қазір онда 60-қа жуық ұлдар мен қыздар жаттығуда, ал 2023 жылы 300-ге дейін толтыру жоспарлануда. Тәжірибелі тәлімгерлердің жетекшілігімен жаттығулар жалпы ауданы 3800 шаршы метрден асатын "AQTOBE" үстел теннисі орталығында өтеді, онда 16 үстелден тұратын ойын залы, кәсіби еден жабыны, төрешілер мен жаттықтырушылар бөлмелері, медициналық және кеңсе кабинеттері, шешінетін және мүкәммал үй-жайлары, 450 орындық көрермендерге арналған трибуналар бар.

БЖСМ-нің негізгі міндеттері:

- Балалардың ең көп санын үстел теннисімен айналысуға тарту;

- Дарынды, келешегі бар спортшыларды одан әрі кәсіби өзін-өзі анықтаулары үшін іріктеу;

- Денсаулықты нығайту және жан-жақты физикалық даму;

- Үстел теннисі бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыруда жалпы білім беретін мектептерге көмек көрсету;

- Оқушылардың жеке қабілеттеріне сәйкес спорттық жетістіктерге жету.

Жол болсын, БЖСМ!

Талап Қойбағаров