Жол болсын, "Astana"!

15.11.2022

Қазақстанның астанасында "Astana" үстел теннисі клубы ашылды. Бұл қалада танымал және халық арасында қол жетімді олимпиадалық спорт түрінің одан әрі дамуына оң әсер ететін маңызды оқиға.

"Astana" клубының негізгі мақсаттары мен міндеттері:

- Халықаралық деңгейдегі теннисшілерді даярлау үшін жағдай жасау;

- Мықты спортшыларды және келешегі бар резервті анықтау үшін турнирлер өткізу;

- Материалдық-техникалық базаны нығайту;

- Кәсіби қазақстандық және шетелдік клубтар арасындағы байланысты дамыту бойынша жұмыс жүргізу. Тәжірибе алмасу және жаңа спорттық жетістіктерді енгізу;

- Салауатты өмір салтын насихаттау.

Жол болсын, "Astana"!

Талап Қойбағаров