Жемісті жартыжыл

19.02.2019

Өткен жылдың тамыз айында Шымкент қаласының дене тәрбиесі және спорт басқармасының бастығы Әлібек Нұртаев жаттықтырушылардың ұжымына қалалық үстел теннисі Федерациясының жаңа президенті – «Петро Қазақстан Ойл Продактс – Бірінші вице-президенті Асқар Тұрысбековты таныстырды»(суретте). Спорт қауымдастығының алдында сөз сөйлеген Асқар Зауытбекұлы, материалдық-техникалық базаны нығайтуға, теннисшілерді жаттығудың сапалы жағдайымен қамтамасыз етуге және республикалық және халықаралық аренада сәтті ойын көрсететіндеріне сендірді. Содан бері тура алты ай өтті, Шымкент Федерациясының жемісті жұмыстарының нәтижесі көрініп тұр: «Donic Waldner Classic 25» әлемдік фирмасының 10 үстелін, 100 қаптама және 30 ракеткаларға негіздемелер, 2200 доптар, («40 шарлар» + пластик), спорттық костюмдер, ойын нысандары (шолақ шалбарлар + футболка) алынды.Барлық құрал-саймандар, үстелдер балаларға спорт мектептеріне берілді.Федерация Президентінің спортшылармен, тәлімгерлермен тұрақты кездесуі, және олардың бірлескен жаттығулары үйреншікті жайт болып кетті. Өз кезегінде Шымкент теннисшілері өздеріне артылған сенім мен қолдауды жарыстардағы жақсы нәтижелерімен ақтауда. Жақында Астанада аяқталған 2019 жылғы Қазақстан Республикасы Спартакиадасында, шағын ракетка шеберлері лайықты ойын көрсетті және үйлеріне медальдар коллекциясын алып келді. Міне нәтижелері:

Жеке есеп – үшінші орын Бекұлан Жамал және Сарвиноз Мірқадірова;

Жұптық разряд – екінші орын Бекұлан Жамал – Ырысбек Артұқметов, үшінші орын Мәлика Ілхамжанова – Сарвиноз Мірқадірова;

Аралас разряд –үшінші орын Бекұлан Жамал – Сарвиноз Мірқадірова;

Командалық турнир – үшінші орын Шымкент құрамасының ерлер және әйелдер командасы Бекұлан Жамал, Бақдәулет Әкімәли, Ырысбек Артұқметов, Сабыржан Аман, Сарвиноз Мірқадірова, Мәлика Ілхамжанова, Озода Азатова, Таңшолпан Шапей, жаттықтырушылары Нұрлан және Ердәулет Оразбаевтар, Міряқұб Мірасланов.

Спартакиадада оңтүстік тұрғындардың сәтті ойын көрсетулері кездейсоқ емес, өйткені олар өткен маусым бойы көптеген турнирларда құрмет тұғырына бірнеше рет көтерілген болатын:

«Алтын күз 2018» - 1орын Мұхамметтәли Құрбантаев, 3 орын Аида Үсіпбаева;

ҚР Президенті жүлдесіне арналған Ұлттық Ойындар – 2 орын Бекұлан Жамал, 2 орын Шымкент әйелдер құрамасы;

Сарвиноз Мірқадірова – 2005 ж.т және одан жас, қыздар арасында елдің абсолюттік чемпионы, «ТОП-16» турнирінде 2 орын;

Мәлика Ілхамжанова, Бекұлан Жамал – «Топ-12» турнирінде 3 орын;

Елдің командалық ашық чемпионаты, жоғары лига, 3-ші тур – 1 орын Шымкент.

Қалалық Федерация Президенті Асқар Тұрысбеков Шымкент теннисшілерімен


Бекұлан Жамал және АскарТұрысбеков


Осы жетістікпен ешкім тоқтап қалар емес. Осы айдың аяғында қалалық Федерация Қазақстанның Супер және Жоғары лига чемпионаттарына қатысу үшін екі мықты команданы қоймақ, ал 10 мен 13 наурызда Ақпан Батыр есіміне арналған II-ші Халықаралық турнирін өткізеді. Өздерінің қатысатындарын білдіріп және жүлделер үшін күресетін теннисшілер Әзірбайжаннан, Ресейден, Украинадан, Өзбекстаннан, Қырғызстаннан, Тәжікстаннан, Түркменістаннан және Қазақстаннан.

ТалапҚойбағаров