Жеңістер көп болмайды

25.01.2021

Бад-Кенигсхофен қаласының "ТСВ" клубы үстел теннисі шеберлері неміс Бундеслигасының кезекті туры аясында құрамында Кирилл Герасименко өнер көрсететін бремендік "Werder" клубын қабылдады. Қазіргі уақытта екі клубтың да келесі жоспарлары бар: TСВ финалдық төрттікке кіруге тырысуда, ал Werder клубы тоғызыншы орыннан шығып, турнир кестесінде мүмкіндігінше жоғары қарай көтерілуді жоспарлауда. Қарсыластар соңғы рет бір-бірімен өткен жылдың 2 қазанында кездескен еді, ол кезде "Кirill & Co" 3:1 есебімен жеңіске жеткен болатын. Бүгін 3:1 есебімен бремендіктер тағы да мықтырақ болды.

Бастьян Штегер («ТСВ») - Марсело Агирре («Werder») 3:0;

Филип Желько («ТСВ») - Маттиас Фальк («Werder») 0:3;

Килиан Орт («ТСВ») - Кирилл Герасименко («Werder») 1:3;

Бастьян Штегер («ТСВ») - Маттиас Фальк («Werder») 1:3.

Талап Қойбағаров