Жеңістен бастады

12.06.2019

Саппорода (Жапония) 270 мың АҚШ доллар жүлде қоры бар "World Tour Platinum" сериясындағы үстел теннисінен турнир басталды. Бірінші ойында қазақстандық Кирилл Герасименко (суретте) жарыстың иесі Кохей Самбаны 4:2 есебімен жеңді. Ертең біздің теннисші кореялық Чо Сынминмен кездеседі. Кирилге сәттілік!

Талап Қойбағаров