Жеңіске деген ұмтылыс

03.12.2022

4-11 желтоқсан аралығында Тунисте үстел теннисінен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты (ITTF World Youth Championships) өтеді, онда Қазақстанның намысын қарағандылық, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Алан Құрманғалиев (жаттықтырушысы Эльмира Әлиева) қорғайтын болады. Біздің жерлесіміз 6 желтоқсанда ойын алаңына шығады және Тунисте жұптық, аралас разрядтарда, жеке есепте ойнайтын болады. Сәттілік!

Жұптық разряд, ұлдар:

Алан Құрманғалиев/Уильям Бергенблок (Қазақстан/Швеция) - Рафаэль Кабрера /Даниель Тран (Доминикан Республикасы / АҚШ).

Аралас разряд:

Алан Құрманғалиев/Хана Года (Қазақстан /Мысыр) - Энрике Риос/Карина Сенага Ширай (Пуэрто-Рико/Бразилия).

Талап Қойбағаров