Жеңіс тұғырынан және жүлдеден алыстады

14.06.2019

Жапондық Саппорода "World Tour Platinum" сериясындағы үстел теннисінен 270 мың АҚШ доллар жүлде қоры бар турнир өтуде. Қазақстандық Кирилл Герасименко жарыс қожайыны Кохей Самбаны 4:2-мен жеңгеннен кейін бүгін корейлік Чо Сынминмен кездесті. Біздің теннисші 0:3 партияларында ұтылып, есепті 2:3-пен қысқартты, талпыныс ойдағыдай еді алайда, суық қанды Чо Сынмин ойынды басқаша ойлады және 4:2-ге дейін өз пайдасына жеткізді. Қазақстан құрамасының жаттықтырушы-кеңесшісі Дмитрий Левенконың түсініктемесі: "Үшінші сетте Кирилл қажетті нұсқаларды таба бастады және төртінші сеттен жақсы ойнады, қарсыласты жеңетін еді, алайда 0: 3 есебімен ұтылды. Алтыншы партияда басымдыққа ие болды және топс үшін мүмкіндік алып 9 : 9-бен қайтару берді. Өкінішке орай, доп ракетканың қабырғасына түсіп, алаңнан шығып кетті. Бұл матчтың тағдырын шешті. Жеңіліс сенімсіз және нашар қабылдау нәтижесінде болды. Корейлік жәй ойыншы емес, бір жарым жыл бұрын Кирилл оған 2:3- пен жол берді. Бұл жолы ол Чо Сынминнің амалын тапты, бірақ біраз сәттілік болмады".

Талап Қойбағаров