Жеңілістен жеңістер көп

23.03.2018

Осы күндері үстел теннисінен Кирилл Герасименко (Астана), Зәуреш Ақашева (Қараганды) және Айдос Кенжеғұлов (Орал) жарысатын– Бремен (Германия) және Солиман (Тунис) екі қалаларғақазақстандық жанкүйерлер мән беруде. Әлемдік турдың «Платиналық» сатысы – Германияның ашық чемпионатына жарыстың негізгі торына іліну үшін екі күн бойы жарысқан 114 әйел теннисшілері мен 185 ер теннисшілері келді. Кирилл Герасименко өзінің кіші тобында италияндық Михай Бобочик пен неміс Орт Килианды сенімді түрде жеңді. Бұдан әрі қатаң түрде қарсыласа отырып словакиялық Любомир Пистей 4:3 тізе бүкті. «64 таңдаулылардың» арасында болу үшін Азия чемпионатының жеке есебіндегі күміс жүлдегері, Әлемнің командалық Кубогының қола жүлдегері Чен Сангынның жолдарын жүріп өту қажет. Бірінші партияны Кирилл жеңді және 1:0 жеткізді. Бұдан әрі оқиға былай өрбіді: 1:2 жеңілеміз, 3:2 алдыға шығамыз. Чен Сангын есепті 3:3 теңестірді. Шешуші жетінші партияда Кирилл 7:3 жеткізді,жеңіс біздің теннисшілеріміздің қолдарында толығымен болады деп ойладық, алайда атақты қарсылас басқадай ойлаған және кішкентай ерлік жасап – 3:7-ні 11:8-ге айналдырды. Жалпы есеп 4:3 және Чен Сангын Бременде ойынын жалғастыруда.

Солиман (Тунис) қаласында «Tunisia Junior & Cadet Open» турнир аяқталуға жақын. Қарағандылық Зәуреш Ақашева командалық есептегі күміс жүлдеден кейін жеке жарыстарда 1/16 финалға дейін жетті: Хнош Шастик (Индия), Мадина Седдики (Алжир), Шофрана Белді (Тунис) жеңді және Жамиля Лаурентиге (Италия) орын берді. Жұптасқан разрядта Жанна Важихпен (Египет) бірге Зәуреш Ақашеваширек финалдағы беделді жарысқа щықты.

Оралдық Айдос Кенжеғұлов жеке есепте 1/16 финалға, ал жұптасқан разрядта Адхам Абделаалмен ( Египет) 1/8 финалдық табысқа жетті.

Талап Қойбағаров