Жеңіліс үшін ұят болмайтын кездер

25.11.2021

Хьюстонда (АҚШ) үстел теннисінен жеке әлем чемпионатында 1/32 финалдың матчтары басталды. Бүгін қарағандылық Зәуреш Ақашева Олимпиада чемпионы Ито Мимамен (Жапония) жекпе-жек өткізді, ойынның фирмалық стилі доптың аса күрделі берілістерін, сол жақтан жылдам қысқа соққылар мен оң жақтан тегіс соққыларды қамтиды. Әлемнің көптеген теннисшілері атақты Жапондық ойыншыға 7 жылдан бері қарсы ешнәрсе қоя алмай келеді.

Ито Мима ( Жапония) - Зәуреш Ақашева (Қазақстан) 4:0. Матч болжамды түрде аяқталды, бірақ біздің Зәуреш 2-ші, 4-ші партияларда 9 және 11 ұпай жинап, Итоға лайықты қарсылық көрсетті.


Талап Қойбағаров