Жаттығып болдық. Жарысатын кез келді

22.01.2023

"Hennebont Ping Center " халықаралық жарыс орталығында (Энбон қаласы, Лорьян округі, Франция) "ITTF World Hopes Week & Challenge" бағдарламасы аясындағы жасөспірім спортшылардың оқу-жаттығу жиыны аяқталуда. 30 ұлттық қауымдастықтың жиырма ұлдары мен жиырма қыздары (ITTF) Халықаралық үстел теннисі федерациясының сарапшылары Золтан Баторфи (Венгрия), Эва Йелер (Австралия) жетекшілігімен білім беру сабақтарына қатысты және енді 21, 22 қаңтарда "ITTF World Hopes Week & Challenge 2023" -те мықтыларды анықтау үшін жарысқа қатысады.

№1 топта Марлен Жұмағұл (Түркістан) ойнайды және оның қарсыластары Италия, Сауд Арабиясы, Иран, Испания, Мысыр, АҚШ, Канада, Индонезия, Филиппин теннисшілері болады.

Қыздар арасында Айназ Әділгереева (Алматы) "А" тобына кірді, оның қарсыластары Австрия, Австралия, Өзбекстан, Венесуэла, Тунис, Мысыр, АҚШ теннисшілері. Біздің жерлестерімізге сәттілік!

Талап Қойбағаров