Жаттығуларда баға жетпес тәжірибе жинақтаудамыз

15.06.2018

Қазақстан Республикасының үстел теннисі Федерациясы залында бесінші күн бойы оқу-жаттығу жиындары (ОЖЖ) өз жалғасын табуда. ОЖЖ туралы еліміздің ұлттық құрамасына үміткерлер Алина Борисюк және Алсу Сапарова өз әсерлерімен бөлісті.

Алина Борисюк (Қостанай): « Маған ойын алаңындағы жаттығу ұнайды. Соққыларды сезіммен орындаймын, допты бақылаймын. Қозғалыстың ыңғайлы жағын іздеймін, ол допты ұзақ уақыт бойы ойында ұстауға мүмкіндік береді. Содан кейін соққыларды орындау жылдамдығын көбейтемін және неғұрлым жылдам ойынға үйрене бастаймын».

Алсу Сапарова (Орал): «Мен жаттықтырушылардың ойын алаңындағы қозғалыстар туралы айтқан кеңестеріне көңіл бөлдім. Соққы орындаудың алдында, бастапқы қолайлы жағдай қабылдау қажеттігін нақты ойыма тоқып алдым. Ал соққы бергеннен кейін қысқа жолдармен столдың ортасына қарай ораламын және келген соққыға тойтарыс беруге дайындаламын».

Алина Борисюк: «Жаттықтырушылар, ойын алаңындағы қозғалыс кезінде, шабуыл бастаудағы бағалы уақытты алатын артық қозғалыс жасап алаңдауға болмайтынын маған, айтып түсіндірді.

Сұрақ: Алматыдағы оқу-жаттығу жиыны сіздердің үйлеріңіздегі жаттығулардан айырмашылығы барма?

Алсу Сапарова: «Оралда мен күніне 2 сағаттан жаттығамын, ал бұл жерде 3.5 сағат. Алғашқы екі күн ерекше қиын болды, тез шаршап қалатынмын, бірақ қазір үйреніп кеттім бәрі жақсы. ОЖЖ қызықты өтуде, өзім үшін жаңадан көп нәрсені білдім және жаттығуларда баға жетпес тәжірибе жинақтаудамын».

Алина Борисюк: «Менде Қостанайда күнделікті 2 сағаттан жаттығамын. Әрине спорт залында көп уақыт бойы болуыма болады, алайда мектептегі оқу көп уақытты алады. Жаттықтырушы-кеңесші Дмитрий Левенконың (Австрия) басшылығындағы ОЖЖ бірінші рет қатысып тұрған жоқпын, жиынға қуана-қуана келемін, тәжірибелі ұстаздың барлық тапсырмаларын орындаймын.





Талап Қойбағаров