Жаттықтырушы болып туылмайды, жаттықтырушы болады

03.12.2020

Ресей үстел теннисінің шебері Валентин Команов онлайн форматта қазақстандық тәлімгерлерге "Спортшыларды дайындаудың бастапқы кезеңіндегі ең көп кездесетін қателер" тақырыбында жаттықтырушылар семинарын өткізді.

Кез - келген жаттықтырушы көптеген балалардың арасында өзінің арманын орындайтын адамды табуды армандайды - Кубокты жеңіп, құрмет тұғырының жоғарғы сатысына көтерілетін. Валентин Викторовичтің тәжірибесі бойынша, кем дегенде 300-400 үміткердің арасынан, келесі чемпиондық қасиеттерге ие 15 дарынды теннисшілердің тобын құруға болады:

- жауынгерлік мінез, сыни сәттерде барынша тиімді ойнау қабілеті;

- үстел теннисі техникасын меңгерудегі дарындылық, оған допты табиғи түрде жоғары сезіну кіреді;

- реакция жылдамдығы мен ойын интуициясы, өйткені қазіргі үстел теннисіндегі доптың жылдамдығы біздің табиғи мүмкіндіктерімізден асып түседі.

Онлайн семинардың басты тақырыбына қайта орала отырып, Валентин Команов спортшыларды даярлаудың бастапқы кезеңіндегі ең көп кездесетін қателіктерді атады:

1) физикалық қасиеттердің жеткіліксіз дамуы (нашар үйлестіру, жылдамдықтың болмауы);

2) спортшының соққыны орындау туралы нақты түсінігінің болмауы. Бала өз бетінше ойнауды үйреніп, қате дағдылармен секцияға келген жағдайлар да болған;

3) қозғалыс дағдыларында тұрақтылықтың болмауы (бөгеліп қалушылық, тиімсіз бекіту);

4) психологиялық тамырлар - сенімсіздік, әлсіз зейін қою,

қателіктен қорқу, тиісті икемделудің болмауы, ынталану және т.б.

Семинар соңында қазақстандық әріптестерінің сұрақтарына толық жауап берді.

Талап Қойбағаров