Жаттықты, ойнады, күнге қыздырынды

06.08.2019

Болгарияның Қара теңіз жағалауында орналасқан Албена курортты қаласында "Албена 2019" атты үстел теннисінің дәстүрлі Халықаралық фестивалі аяқталды. Беларусь, Болгария, Венгрия, Чехия, Сербия, Украина, Түркия, Молдова, Румыния, Италия, Ресей және Қазақстан спортшылары балалар, кадеттер, жасөспірімдер, кәсіпқойлар, ардагерлер арасындағы турнирлерде өнер көрсетті. Біздің республикамызды Болгарияда маңғыстаулықтар Мақатай Рамазанұлы, Гүзел Торшаева және Есенгелді Рамазанов таныстырды.

Ардагерлер арасында Мақатай Рамазанұлы ¼ финалға жетіп, 7 орынға ие болды.

14 жасар Гүзел Торшаева 15 жасқа дейінгі жас санатында кіші топтан бірінші орыннан финалға шығып, нәтижесінде бесінші болып шықты.

17 жасар Есенгелді Рамазанов сәл-сәл медальдарға жетпей қалды-жартылай финалда молдавандық ойыншы Игорь Бегдашқа жол берді.

Жалпы, қазақстандықтар Албенаға барған сапарларына риза болды: жаттықты, ойнады, күнге қыздырынды.

Суретте Есенгелді Рамазанов пен Гүзел Торшаева


Талап Қойбағаров