Жастар бекіністерге шабуыл жасауда

16.01.2021

15 Қаңтарда үстел теннисінен ел чемпионатында жеке разрядтағы ойындар өтіп, финалистер, сондай-ақ қола медаль үшін матчтарға қатысушылар анықталды. Финалға алғаш рет шығып, алтын медальға таласатын, жылдам өркендеп келе жатқан Алан Құрманғалиев (14 жаста, спорт шебері, Қарағанды), Сарвиноз Мирқадірова (15 жаста, спорт шебері, Шымкент) өздерінің жаттықтырушыларын қуантты.

Сарвиноз тәжірибелі Гүлчехра Құсейінованы (Орал) 4:2 есебімен жеңіп, жартылай финалда Қазақстанның 2020 жылғы абсолютті чемпионы Зәуреш Ақашевамен (Қарағанды) кездесті.

Сарвиноз Мирқадірова: "Мен алаңда маған қарсы кімнің тұрғанын түсіндім, бірақ ешқандай толқу болған жоқ. Мен жаттықтырушының барлық нұсқауларын орындадым, мен оған өз ойынымды міндеттедім, аз қателіктер жібердім және оны 4:1 есебімен жеңе алдым. Ура, мен финалдамын. Ол жерде мені спорт шебері, ұлттық құраманың мүшесі, Нұр-Сұлтандық Анастасия Лаврова күтуде. Мен оған қарсы 150 пайызға ойнауға тырысамын".


Анастасия Лаврова: " Қаңтар айы - өте қиын болды, чемпионаттың іріктеу турнирінде, командалық есептегі тартысты матчтар. Жеке жарыстарда Арай Әшкеева (Қарағанды), Алсу Сапарова (Орал), Әнел Бақыт (Шымкент) сияқты спортшыларға қарсы ойнау қиынырақ болды. Финалдан не күтемін? Қарсыласым жас ойыншы, бірақ допты үстел үстінде жақсы ұстайды, шабуыл жасауды жақсы көреді, тактикалық тұрғыдан дайындалған. Сарвинозбен керемет ойын көрсетуге тырысамыз".



Өзі жас, бірақ дайындығы бойынша шебер Алан Құрманғалиев (Қарағанды), Қазақстанның екі дүркін чемпионы Денис Жолудевті (ШҚО), жастар құрамасының мүшесі Ырысбек Артұқметовты (Шымкент), 2020 жылғы ел чемпионатының күміс жүлдегері Айдос Кенжеғұловты (Орал) артта қалдырды. Финалда Аланның қарсыласы Орал қаласынан Дастан Кенжеғұлов болады, ол Бақдәулет Әкімәлиді (Шымкент), Сағантай Құрмамбаевты (ШҚО), Владислав Захаровты (Қарағанды) алдыға жібермеді.

Қола жүлдені Айдос Кенжеғұлов - Денис Жолудев, Ырысбек Артұқметов - Владислав Захаров, Зәуреш Ақашева - Алсу Сапарова, Әнел Бақыт - Гүлчехра Құсейінова ұтысқа салатын болады. "Qazsport" телеарнасы ақтық жекпе-жектің түсірілімін жоспарлап отыр.

Қазақстан чемпионаты жұптық және аралас разрядтарда жалғасады.


Талап Қойбағаров