Жарыстарға дайынбыз!

08.12.2020

Үстел теннисінен Қазақстанның ұлттық, жастар құрамаларының Нұр-Сұлтан, Шымкент, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл және Павлодар облыстарынан келген мүшелері биылғы жылдың қорытынды оқу-жаттығу жиынын "Ақ бұлақ" олимпиадалық орталығы базасында аяқтады. ОЖЖ қорытындысын біздің команданың бас жаттықтырушысы Эльмира Әлиева шығарды:

"Егер алдыңғы жиындарда жалпы дене дайындығына баса назар аударылса, қазір ойынның техникалық және тактикалық қырларына ерекше назар аударылды. Спортшылардың күшті жақтарын дамытып және әлсіз жақтарын жойдық. Жиынның басты мақсатына қол жеткізілді - жаңа маусымның басталуына дайындалдық. Барлық теннисшілер өте жақсы спорттық күйде және олар жарыстардың басталуын асыға күтуде. 2021 жылға арналған басым міндет ол олимпиадалық лицензияны жеңіп алу болып қала береді және оған негізгі үміткер Қазақстан құрамасының көшбасшысы Кирилл Герасименко болып табылады. Қазіргі уақытта ол Германиядағы "Werder" кәсіби клубының құрамында жеке жоспар бойынша Азия Олимпиадалық іріктеу турниріне дайындық жүргізуде, ол осы маусымда сәтті өнер көрсетуде".

Талап Қойбағаров