Жаппай атақты қарсыластар

15.05.2019

Загребте үстел теннисі бойынша Хорватия ашық чемпионатының біліктілік ойындары өтіп жатыр, нәтижесінде топ жеңімпаздары жарыстың негізгі кестесіне шығады. Айдос Кенжеғұловтың (Орал) қарсыластары жұптық разрядта жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Лев Кацман (Ресей) және командалық есепте жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Тогами Шунсуке (Жапония) болды. Біздің теннисшіміз шайқасты, тырысты, бірақ екеуіне де 0:3 есебімен ұтылды.

21 жасқа дейінгілердің турнирінде Айдосқа - жасөспірімдер арасындағы Еуропаның екі дүркін чемпионы Мацей Кубик (Польша) қарсы тұрды. Мұнда есеп жақсы, 1:3 және поляк ары қарай ойынын жалғастыратын болады.

Талап Қойбағаров