Жалпы игілік үшін бірлескен еңбек

04.10.2018

Верхняя Пышма қаласында (Свердловск облысы РФ) Қазақстан Республикасы үстел теннисі Федерациясы және «ОТМК» үстел теннисі Клубы арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Осы Меморандумда тараптардың қызықтыратын ұстанымдарының негіздемелері егжей-тегжейлі қамтылған, дәлірек айтсақ тәжірибе алмасу, біліктілікті арттыру бойынша өзара оқыту жаттықтырушылар курсы, жалпы дене және техникалық-тактикалық дайындық бойынша бірлескен оқу-жаттығу жиындары, спорттық-бұқаралық іс-шаралар мен жарыстар күнтізбелік жоспарын жоспарлау болды.

«ОТМК» Клубы (Орал тау-металлургиялық компаниясы) Ресейдің бірнеше дүркін чемпионы, Еуропа Кубогының жеңімпазы болып табылады. Негізгі «ОТМК» командасы үшін әлем чемпионатының күміс жүлдегері Фанг Бо (Қытай), Еуропа чемпионатының қола жүлдегері Александр Шибаев (Ресей), Еуропа чемпионы Джонатан Грот (Дания) сияқты спортшылар ойын көрсетуде. Өзінің 11-жылдық тарихында клуб үстел теннисін насихаттау және дамыту бағытында тек Свердлов облысында ғана емес сондай-ақ бүкіл Ресей аумағы бойынша зор жұмыстар атқарды. Қазақстан үстел теннисі Федерациясының Бас хатшысы Данил Пак және «ОТМК» клубының президенті Владимир Белоглазов Меморандумға қол қойды.