Жаңа жылыңызбен!

31.12.2020

Құрметті үстел теннисінің әуесқойлары, құрметті спорт жанкүйерлері!

Сіздерді келе жатқан Жаңа 2021 жылмен құттықтаймын!

Өтіп бара жатқан 2020 жыл бәріміз үшін, соның ішінде спорт әлемі үшін оңай болған жоқ. Өзгерістерді бүкіл Олимпиада әлемі сезінді. Токиода (Жапония) өтетін жазғы Олимпиада ойындары кейінге қалдырылды, Пусанадағы (Корея) үстел теннисінен командалық әлем чемпионаты тоқтатылды. Біздің команда қауіпсіздік мақсатында 10 ай бойы жарыс тәжірибесінсіз өткізді. Бірақ спортшылардың шектеулеріне қарамастан, үстел теннисі Федерациясының командасы болашақ жеңістердің негізін қалауды жалғастыра отырып, өз қызметін тоқтатқан жоқ.

Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитетімен, еліміздің Мәдениет және спорт Министрлігімен, Өңірлік дене шынықтыру және спорт басқармаларымен, сондай-ақ облыстық федерациялармен өзара іс-қимыл жасай отырып, көптеген ірі жобалар іске асырылды, бұл бізге биылғы жылы ең табысты және жұмыспен қамтылған республикалық федерациялардың бірі болып қалуға мүмкіндік берді.

Жыл соңына қарай Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қатысуымен Қарағандыда барлық әлемдік стандарттарға сай келетін "SARYARKA" үстел теннисінің бірегей орталығы ашылды. Заманауи орталықтың ашылуын (ITTF) Халықаралық үстел теннисі Федерациясы да атап өтіп, кешеннің ашылуымен құттықтады.

Шымкент, Түркістан, Көкшетау, Қарқаралы және Тереңкөл (Павлодар облысы) қалаларында арнайы залдар ашылды. Өңірлерде үстел теннисінің секциялары ұлғаюда: Алматы қаласының олимпиадалық резервтерді даярлау орталығында, Көкшетау, Қызылорда, Атбасар қалаларының БЖСМ-де.

Бұқаралық спортты дамыту мақсатында үстел теннисі Ұлттық мектеп лигасының бағдарламасына енгізілді. Елімізде жас теннисшілер арасында командалық біріншілік ұйымдастырылады, ол төрт кезеңде өтеді: мектепішілік, аудандық, қалалық (облыстық) және республикалық (финалдық) жарыстар.

Қазақстан тарихында тұңғыш рет "Spanish Open" беделді халықаралық турнирінің жеңімпазы атанған ұлттық құрама командасының көшбасшысы Кирилл Герасименконың жетістіктерін атап өтпеуге болмайды.

Бұдан басқа, біз халықаралық ұйымдармен белсенді ынтымақтасудамыз. Халықаралық тәжірибемен алмасу және спортшыларымыздың кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында "ZHENGDING" Халықаралық үстел теннисі жаттығу орталығымен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Еліміздің бес спорт төрешісі Халықаралық үстел теннисі Федерациясының "High Performance & Development" бағдарламасына қатысып, халықаралық төрешілер санатын алу үшін онлайн тестілеуден сәтті өтті.

Құрметті спорт сүйер қауым, өтіп бара жатқан жылдың жалпы үрдісіне қарамастан, көріп отырғандарыңыздай, Қазақстанның үстел теннисі Федерациясы жылды өте белсенді өткізіп, болашақ жеңістер үшін іргетасын нығайтып, мүмкіндіктер мен жағдайларды жақсартып, балалар спорты мен бұқаралық спортты дамытып келді. Келесі жыл біздің спорт түрі үшін одан да табысты болатынына сенімдімін.

Біздің үстел теннисінің үлкен отбасына денсаулық пен амандық, спортшылар мен жаттықтырушыларымызға жаңа спорттық шыңдарды бағындыруды тілеймін! Барлық мақсаттарға қол жеткізіліп, жоспарлар іске асырылып, армандар орындалсын. Бақытты болыңыздар! Жаңа жылдарыңызбен!

ҚР үстел теннисі Федерациясының президенті Данияр Әбілғазин